Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық пен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бірлескен алқа мәжілісі өткізілгені туралы

04.04.2019

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығымен бірлескен алқа мәжілісі ұйымдастырылды. Алқаға қатысушылар 2018 жылы бірлесе атқарылған жұмыстардың қорытындысын, сондай-ақ 2019

...

АИТВ инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу

02.04.2019

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық қан орталығындағы медицина қызметкерлері арасында "АИТВ/ЖИТС-ты кәсіптік жұқтырудың алдын алу" тақырыбында семинар өткізді.

Жастар арасында «Абайлаңыз СПИД-тен» атты кездесу туралы

14 Наурыз 2019

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Сарсенбаева Светлана Аумажитқызы   ағымдағы жылдың  наурыз айының 13-де Қызылорда инженерлік техникалық  колледж студенттері мен мұғалімдердің  арасында «Абайлаңыз СПИД-тен» атты кездесу ұйымдастырылды.  

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шараларын халықтың арасында пәрменді насихаттау мақсатында Қызылорда қаласындағы 5544 әскери бөлімше қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырылды.

АИТВ ЖӘНЕ ТУБЕРКУЛЕЗ.

 

14 Наурыз 2019

Қазақстан Республикасында туберкулез АИТВ- инфекциясын (Адамның Иммунитет Тапшылығының Вирусы) жұқтырғандардың 45 пайызында кездеседі, себебі  АИТВ инфекциясы жиі тараған региондарда туберкулез ауруы АИТВ жұқтырғандарға жиі кездесетін оппортунистік аурулар қатарына енді. Оппортунистік аурулар дегеніміз адам ағзасының иммундық жүйесі күрт әлсірегенін пайдаланып, бас көтеретін аурулар. Оларға туберкулез, герпетикалық инфекция, кандидоз, пневмоцисттік пневмония т.б. жатады. АИТВ - иммунитетті әлсіретіп, түрлі жұқпаларға жол ашатын инфекция болып табылады.