08 Сәуiр 2019
8727

АИТВ-НЫҢ АЛДЫН АЛУ

АИТВ-ның таралуын ескерту жөніндегі негізгі іс-шаралар АИТВ жұқтыру мәселесінде тұрғындарды қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету болып табылады. Белгілі бір ерекше мінез-құлықты немесе өмір салтымен ерекшеленетін кейбір тұрғындар тобы АИТВ жұқпасын анағұрлым жоғары қауіпті жұқтыруға тап болуы мүмкін. 
АИТВ жұқпасынан вирустың қасиетін, оның берілуі мен алдын алу шараларын біле отырып, өзіңді қорғауға болады. 
 
Вирус сыртқы ортаның белсенді факторларының әсеріне аз тұрақты, мысалы 56°С температурада жарты сағат,100°С-та 1-2 сағат ішінде белсенділігі жойылады. 
Сонымен қатар АИТВ мұздатылған жағдайда бірнеше жыл сақтала береді. Инелер мен шприцтердегі кеуіп қалған қан, сондай-ақ наркотикалық дәрі-дәрімектердің ерітіндісінде өзінің белсенділігін 3 аптаға дейін және (бөлме температурасында) одан көп сақтауы мүмкін, тіпті айға дейін cозылуы мүмкін оқиғалар қатары бар, оның таралуы есірткіні инемен тұтынушылар арасында таралуына себепші болған маңызды факторлардың бірі болып табылады. 
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) бар болған жағдайда, АИТВ жұқпасының берілу қауіпі жыныстық байланыс кезінде 2-5 есеге артады. Ашық жарасы бар (мысалы, ұшық) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар болған кезде, тіпті қауіпті. 
Егер қанмен, ұрық сұйықтығымен, жатыр секретімен байланыс болмаса, АИТВ жұқпасының болу мүмкіндігі жоқ. 
АИТВ жұқпасының бірнеше берілу жолдары бар: 
- қорғалмаған жыныстық қатынас (презервативсіз); 
- шприц, 
 ине және басқа да егу құралдарын бірлесіп немесе қайтара қолдану, татуировка және пирсингке арналған залалсыздандырылмаған құрал-жабдықтарды пайдалану, бөтен адамның қырыну құралдарын пайдаланғанда, қанның қалдығы қалған тіс щеткасын пайдаланған кезде; 
- АИТВ жұқтырған ана жүктілік кезінде, босану және емшекпен емізу кезінде балаға жұқтыру. 
- жәндік шаққанда; 
- құшақтасып, қол алысқанда; 
- монша, ванна, бассейн, әжетхананы бірлесіп қолданғанда; 
- төсек-орын, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық заттарды бірлесіп қолданғанда;
- түшкіргенде және жөтелгенде; 
- достастық сүйісулерде;
- қауіпсіз жыныстық қатынаста.
АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу 
Кепілденген сапалы презервативтер жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ-дан қорғану үшін қазіргі уақытта бірден бір қол жетімді өнім болып отыр. 
Жыныстық байланыс кезінде үнемі презерватив пайдалану қазіргі уақытта гомосексуальды, сонымен гетеросексуальды байланыс кезінде де жұқтырудан сақтайтын ең сенімді тәсіл болып табылады. 
Анальды жыныстық қатынас кезінде, жыртылу қауіпі жоғары болатын, презерватив көбіне механикалық әсерге түсу барысында, неғұрлым төзімді (көбінесе арнайы белгісі болады) презервативтер және майлағыш заттарды (любрикант) пайдалану ұсынылады. 
АИТВ-ны жұқтыру қауіпін парентеральды жолмен (қан арқылы) азайтуға болады: 
- дәріні енгізу кезінде бұрын ешкім қолданбаған шприц және инені қолдана отырып, егер бұл мүмкін болмаса, ешкім қолданбаған «дербес» тек қана өзіңнің шприцің мен инеңді пайдалану арқылы; 
- басқа адамның қаны араласпаған жағдайда дайындалған дәрінің ерітіндісін енгізу үшін пайдалану арқылы; 
- өзіңнің жеке шприціңді бір ыдыста басқа адам қолданған шприцпен бірге жумай, дәрі ерітіндісін енгізу алдында тікелей қайнату арқылы; 
Жыныстық органдардың ауруларының алдын алу және емдеу
Жыныстық жолмен берілетін және де басқа жыныстық ауруларын жұқтырудың алдын алу, АИТВ-ның берілу қауіпін арттыратын жыныстық органдардағы инфекциялардың санын төмендетуге әкеледі. 
ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу АИТВ жұқпасының алдын алуға: серіктестердің санын азайту және презерватив қолдануға бағытталған білім беру әдістері арқылы жүргізіледі. 
Инфекция көзіне бағытталған індетке қарсы іс-шара ретінде көптеген жыныстық инфекцияларда жұқтырылған адамды санацияға әкелетін этиотроптық емдеу тиімді. 
Жыныстық инфекцияларды жүйелі түрде емдеу, сондай-ақ АИТВ-ның берілу қауіптілігін әлеуетті азайтады.