08 Сәуiр 2019
8965

АИТВ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

АИТВ жұқтырған әйелден жүктілік, босану кезінде немесе емізу кезінде балаға АИТВ жұқпасының берілуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешені «Анадан балаға берілудің алдын алу» (АББА) терминімен белгіленеді.  АББА-ның басты міндеті – бұдан әрі уақытында араласу үшін әйелдердегі АИТВ-ы статусты  анықтау. Сондықтан барлық жүкті әйелдерге АИТВ-ға дер кезінде тексерілуге кеңес беріледі. Қолданыстағы ережеге сәйкес жүкті әйелдер АИТВ-ға есепке тұрарда және 28-30 апта (2 рет тексерілу) мерзім кезінде тексеріледі. Босандыру үйіне АИТВ жұқпасына 2 рет тексерілу нәтижесінсіз  немесе егер 1 рет тексерілгеннен кейін 3 аптадан артық уақыт өткен соң келген немесе айырбас картасынсыз (обменная карта) түскен жүкті әйел АИТВ-ға  алдын ала экспресс-тест қою арқылы тексеріледі. Жүкті әйелдерге кеңес беру мен АИТВ-ға тестілеу, балаларды АИТВ жұқпасынан алдын ала сақтандыруға арналған маңызды рәсімдер болып табылады. Оның үстіне болашақ баланың әкесінің АИТВ статусын анықтау алдағы уақытта ана мен баланың денсаулығын сақтап қалуда маңызды роль атқарады, сондықтан медицина қызметкерлеріне жүкті әйелмен қатар оның жыныстық серіктесіне де АИТВ-ға тексеру жүргізу ұсынылады. Алдын алу шаралары болмаған жағдайда және емшекпен емізу кезінде АИТВ-ның анадан балаға берілу қауіптілігі 35%-ды құрайды. Алдын алу бағдарламаларын енгізу емшекпен емізуді сақтау кезінде 5%-ға дейін және оны жасанды тамақтандырумен ауыстыру кезінде 2%-ға дейін берілу қауіптілігін төмендетуге мүмкіндік береді. 
Сонымен, адамның иммун тапшылығының вирусы балаға жүктілік кезінде, босану және емшекпен емізу кезінде берілуі мүмкін. Жүктілік және босану кезіндегі уақытылы іс-шаралар бұл қауіптілікті 1-4%-ға дейін азайтуға мүкіндік береді. Өкінішке орай, вирустың балаға берілу ықтималдығын болғызбау  мүмкін емес. Көптеген әйелдер жүктілік пен босануды өздерін сезінуіне және АИТВ жұқпасының дамуына қалай әсер ететінін ойлайды. 
Сәтіне қарай, барлық зерттеулер баланың дүниеге келуі АИТВ-ға оң нәтижелі әйелдің денсаулығына зиян келтірмейтінін айтады.   Жүктілік кезінде барлық әйелдердің иммундық статусы төмендейді, бірақ босанғаннан кейін қалпына келеді. Егер әйелдің иммундық статусы 200 клетка/мл-дан төмен болса және ол ЖИТС сатысында болса ғана ықтимал мәселелер болады.  
Жүктілік және босану кезінде вирустың берілуін болдырмау үшін бір немесе үш ретровирусқа қарсы дәрі-дәрімектердің арнайы алдын алу курсын тағайындайды. Жүктілік кезінде оларды 14 аптадан бастап қабылдай бастайды. Бұл дәрі-дәрімектер жүктілік кезінде қабылдауға және сәби үшін қауіпсіз, балаға ешқандай зияны жоқ. Алайда кейбір ретровирусқа қарсы дәрі-дәрімектерді жүктілік кезінде қабылдауға болмайды. 
Сондықтан егер сіздерге терапия тағайындаса - дәрігермен жүктілікті жоспарлау және сол кезде қабылдау мүмкіндіктерін талқылаңыздар. АИТВ жұқтырған әйелдердің бала тууының оңтайлы әдістеріне қатысты біріңғай пікір жоқ. Кейбіреулері қауіптілікті төмендету үшін кесарь тілігі операциясын ұсынады. Алайда бұл қуыс операция, яғни бұл қан кету қауіптілігі және әйелдің денсаулығына қауіп келтіретін операциядан кейінгі инфекцияларды көрсетеді. 
Сондықтан егер әйелде кесарь тілігі операциясына арналған басқа көрсеткіштер болмаса және вирустық жүктілігі аса көп болмаса, көптеген дәрігерлер табиғи босануды ұсынады. 
    Есірткі тұтыну, ішімдік ішу және темекі шегу АИТВ-ның балаға берілу қауіпін арттырады, сондықтан олардан аулақ болған жөн.  Егер сіз жүкті болуды  енді ғана жоспарласаңыз, есірткі немесе никотинге тәуелділік бойынша көмекке жүгінгеніңіз дұрыс. 
Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану қажет – бұл баланың АИТВ-ға оң нәтижелі болу ықтималдығын азайтады. 
Күйзелулерден аулақ болып, көбірек демалуға тырысқан жөн. Кейбір витаминдер баланың дамуына ғана пайдалы емес, сонымен бірге АИТВ-дан қорғауы мүмкін. Тек қана мынаны ескерген дұрыс, витаминдерді дәрігер тағайындау қажет. Емшекпен емізу кезіндегі АИТВ-ның балаға берілу ықтималдығы шамамен 14%-ды құрайды, сондықтан оны болдырмау қажет. 
Сонымен бірге анда-санда емшекпен емізу үнемі емізуден гөрі қауіптірек болуы мүмкін. Уақытылы табиғи тамақтандыру баланы барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуге қабілетті. Көптеген АИТВ-ға оң нәтижелі аналарда сондай-ақ С гепатиті бар. Жүктілік және босану кезінде С гепатитінің балаға берілу қауіптілігі өте төмен, бірақ егер анасында АИТВ болса жоғары. Жалпы сарапшылардың бағалаулары бойынша бұл қауіптілік 10%-дан аспайды. Көбіне С гепатиті босану кезінде беріледі және жоспарлы кесарь тілігі операциясы оны азайта алады. 
    Балалар анасының қарсы денелерімен дүниеге келеді, сондықтан егер анасында АИТВ болса, баланың талдау нәтижесі тіпті онда вирус болмаса да оң болады. Егер балада АИТВ болмаса, қарсы дене бірнеше уақыт өткен соң жоғалып кетеді. Әдетте бұл жағдай 12-18 ай кезеңінде болады. Қарсы денені емес, вирустың өзін анықтайтын ПЦР тесті бар. ПЦР босанғаннан кейін 4 аптадан соң 90%-ға, ал 6 айлығында 99% -ға дұрыс. Бірнеше уақыттан кейін балада вирустың болуы белгілі болады. Үнемі балаға АИТВ-ға анализ жасап тұру керек, дәрігерден кеңес алып және мүкіндігінше баланың денсаулығына мұқият қарап отырған дұрыс. Көбіне балаларға қойылатын диагноз басымды оқиғаларында, соңында алынып тасталады.  Егер балада шынымен АИТВ болса, ерте  жасында ауыр науқастың болуы қауіпті болады.  Үлкендерді емдейтін ретровирусқа қарсы дәрі-дәрмектер балаларға да тіпті кішкентай балаларға да келеді. АИТВ-мен өмір сүретін балалардың денсаулығына айрықша мұқиятпен дәрі-дәрмегін дер кезінде қабылдауын, инфекцияның алдын алу, құнарлы тамақтандыруды ескеру  қажет. Алайда заманауи емдеу әдісінің арқасында АИТВ-мен дүниеге келген көптеген балалар бүгінгі күні ер жетіп, ал кейбіреулері АИТВ-ға теріс нәтижелі балалардың әкесі де болып үлгерді. Ата-ана болу үлкен жауаркершілік, және АИТВ ата-ананы мазалайтын тағы бір себеп болуы мүмкін. Ата-ана ретінде сіздерге өз демалыстарыңызды жоспарлап және балаға байланысты қамқорлықтан бір сәт серпілуді үйрену қажет. 
    Сондай-ақ енді сіздердің денсаулық туралы қамқорлықтарыңыздан  болшақтарыңыз ғана байланысты емес.  Дәрігерге баруды, дәрі-дәрімек қабылдауды немесе анализ жасатуды жібермеңіздер. Егер сіз қатты науқас болсаңыз, балаларыңызға не болатыны сізді мазалайтын шығар. Бұл қалыпты жағдай, АИТВ статусына қарамай, ешкім де бұндай жағдайдан қорғалмаған. Дей тұрғанмен де сіздің отбасыңыз өзіңіздің қалауыңыз бойынша соншалықты берік болады, тіпті АИТВ-да кедергі бола алмайды!