08 Сәуiр 2019
6863

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы медициналық қызметтерінің тізімі

- АИТВ инфекциясына медициналық тексеру ұйымдастыру;

- АИТВ инфекциясының жағдайларына және таралуына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және өткізу, эпидемиологиялық жағдайды талдау және бағалау, АИТВ инфекциясының таралу қарқынының алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу;

- Психоәлеуметтік консультация жүргізу;

- АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратындарды диспансерлеу және емдеу;

- АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратындарды антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету;

- АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік кезінде, босанғанда және жаңа туған нәрестелерге профилактикалық вирусқа қарсы емдеу өткізу; 

- АИТВ жұқтырған ересектер мен балалардағы екінші рет қайталанған, оппортунистік аурулардың химиопрофилактикасын және амбулаториялық жағдайда оппортунистік ауруларды (пневмоцистік пневмония, герпестік инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) емдеуді қамтамасыз ету; 

- Байланыстан кейін антиретровирустық профилактикасымен қамтамасыз ету;

- АИТВ инфекциясын, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарда болатын ауруларды растайтын диагностиканы жүргізу;

- АИТВ инфекциясымен ауыратындарды диспансерлеу және емдеу кезінде зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;

- АИТВ инфекциясының таралу, жұғу жолдары және алдын алу, сақтану шаралар жөнінде халыққа ақпарат беру, әртүрлі ведомстволардың мамандарын, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының педагогтарын және оқушылары мен студенттер арасында іс-шаралар ұйымдастыру, санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын басып шығару және тарату; 

- медицина қызметкерлерін АИТВ инфекциясын шұғыл диагностикалау, емдеу, алдын алу мәселелеріне оқыту;

- Құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша АИТВ инфекциясымен және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету.