2021 жылдың 15-ші қарашасы мен 25-ші қарашасы аралығында #ӘрбірінТүсіну ұранымен өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Арал – индустриалды техникалық колледжінің 1 курс студенттері арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шараларына байланысты кездесу кеші ұйымдастырылды.
АИТВ-инфекциясы қазіргі таңда негізінен жыныстық жолмен, сонымен қатар иньекциялық есірткі тұтыну барысында жұқтыру кеңінен таралуда.
Өзінің АИТВ-статусын білмейтін адамдар бұл вирусты басқа адамдарға жұқтыруға қауіпі жоғары, бұл жағдай адамның өзіне ғана емес қоғамға да қауіпті екендігін түсіндіре келе, инфекциядан сақтану, жұғу жолдары, алдын алу шараларына да тоқталып өтті. Кеш соңында сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Г.Жумагулова Арал аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/662-aral-audandy-o-u-oryndarynda-aitv-zhits-turaly-a-parat-berildi#sigFreeId6a64cc58c0