Қызылорда облысында 2021 жылдың 15-25-ші қараша аралығында «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау » тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай 10 күндік іс-шаралар жүргізілуде.
Осы кампания аясында 2021 жылдың 17-ші қарашасында облыс орталығындағы «Қорқыт ата» және «Айтбек» сауда үйлерінде сатушылар, жеке кәсіпкерлер мен сатып алушыларға «АИТВ-инфекциясының індеттік жағдайы, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Балықбаева С., дәрігер эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/664-sauda-oryndarynda-a-paratty-zh-mystar-zh-rgizildi#sigFreeId284a7f3c0e