18 Қараша 2021
552

Әрбірін түсіну, медицина колледжі студенттеріне АИТВ туралы

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері арасында #АИТВәрбірінтүсіну тақырыбында семинар ұйымдастырылды. АИТВ-инфекциясы қазіргі таңда негізінен жыныстық жолмен, сонымен қатар иньекциялық есірткі тұтыну барысында жұқтыру кеңінен таралуда.

Өзінің АИТВ-статусын білмейтін адамдар бұл вирусты басқа адамдарға жұқтыруға қауіпі жоғары, бұл жағдай адамның өзіне ғана емес қоғамға да қауіпті.

Осыған орай 2021 жылдың 15-ші қарашасы мен 25-ші қарашасы аралығында «#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone!» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қызылорда облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында онкүндік жүргізілуде.

Бұл күн халықтың, әсіресе жастардың, мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің арасында АИТВ инфекциясының таралуын тежеу, АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру болып табылады.

Бүгінгі күні республика бойынша АИТВ жұқтырып тіркелгендер саны 42625 адамды құрап отыр. Қызылорда облысында АИТВ/ЖИТС оқиғасы анықталған сәттен бері 206 адам тіркеліп отыр. Үстіміздегі жылдың 9 айында 25 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Оның 18-і (72%) ер адам, 7-і (28%) әйелдер. Жұғу жолдары бойынша 22-і (88%) жыныстық қатынас арқылы, 2-і (8%) ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер арасында тіркеліп отыр.

Бүгінде бұл індет медициналық мәселелер қатарынан шығып, экономикалық әлеуметтік проблемаға айналды. Қатерлі кеселге қарсы тұрі үшін зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын қолдап, оның таралуын шектеуге бір кісідей жұмыла жұмыс жасауымыз керек.

А.Садуакасова дәрігер эпидемиолог