Жалағаш ауданының №123 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары арасында #АИТВәрбірінтүсіну тақырыбымен 1-желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай іс шара өткізілді. Іс шараны Жалағаш психо—әлеуметтік кеңес беру дәрігері А. Бекниязова, жастар денсаулығы орталығы маманы Б.Бектурғанова, мектеп медбикесі Р. Тасқараева жүргізді. Іс шарада ЖИТС індетінің тарихына, эпидемологиялық ахуалына, жұғу жолдарына, сақтану шаралары туралы презентация жасалды. Оқушылармен АИТВ жұқпасының жұғу және сақтану жолдары туралы тренинг өткізіліп, қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды. Іс—шараның мақсаты мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар буклеттер, брошюралар таратылды. Оқушылар өздерінің бір ауыздан ЖИТС індетіне қарсы екендіктерін білдірді.
А.Бекниязова Жалағаш аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері