08 Сәуiр 2019
61413

АИТВ/ЖИТС туралы

 

АИТВ-ның берілуі  мен сақтану жолдары  туралы жеткілікті ақпаратқа қарамастан, өкінішке орай АИТВ індетінің қарқыны басылар емес. 

АИТВ-ның алядын алу принциптерін ұғын

АИТВ алдымен иммундық жүйенің клеткаларын (CD4+ Т-лимфоциттер, макрофагия және  дендриттік клеткалар), сондай-ақ клеткалардың кейбір түрлерін жұқтырады.  Вирус клеткаға ене отырып, белсенді түрде көбейеді. Бұл соңында жұқтырылған клеткалардың бұзылуына және жойылуына әкеп соғады. АИТВ-ның болуы уақыт өте келе иммуноқұзіретті клеткаларды іріктеп жоюы  және олардың субпопуляциясы басуының салдарынан иммундық жүйенің бұзылуына әкеледі. Клеткадан шыққан вирустар жаңадан еніп, цикл қайталана береді. Ақырындап CD4+ лимфоциттердің саны соншалықты азайып, ағза  дұрыс қызмет істеп тұрған иммундық жүйесі бар дені сау адам үшін қауіпсіз немес онша қауіпсіз оппортунистикалық инфекциялардың қоздырғыштарына қарсы тұра алмайды. 

        ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы, аурудың соңғы, терминальды сатысы. АИТВ адам ағзасындағы оппортунистикалық аурулар дами бастағанда иммундық жүйені белгілі бір жағдайға дейін әлсіретуі мүмкін.  ЖИТС диагнозы әдетте CD4+ лимфоциттердің бұзылу салдарынан иммундық жүйенің үдемелі әлсіруіне әкелетін, адамда бір немесе бірнеше өте қауіпті аурулар дамығанда, АИТВ жұқтырғанан кейін бірнеше жыл өткен соң қойылады. Қазіргі таңда бар ретровирусқа қарсы терапия вирустың белсенділігін және иммундық жүйеге тигізетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша АИТВ жұқпасының ЖИТС стадиясына өтуіне және дамуына  кедергі келтіреді. 

 

у қиын емес. Бұл вирус адам ағзасының сұйықтығынан тыс өмір сүрмейді, тұрмыстық қарым-қатынаста берілмейді, және әр адамның қорғалуға және өз жақындарына көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. 

Сонымен, АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы. АИТВ адамның ағзасына түскен кезде, бізді аурулар мен инфекциядан қорғайтын ағзаның иммундық жүйесін бұзады. Адамның иммун тапшылығының вирусы ретровирустар (Retroviridae) тұқымдасына, лентивирустар (Lentivirus) тұқымдасына жатады. Lentivirus атауы латынның    lente – баяу сөзінен шыққан. Бұндай атау вирустың бұл тобының бірден бір ерекшелігін, яғни микроорганизмдегі инфекциялық процестің баяу және біркелкі емес даму жылдамдығын көрсетеді. Лентивирус ұзақ инкубациялық кезеңдегі сипатқа ие. Вирус ағзаның барлық сұйықтығында және тіндерінде болады. Ағзадағы вирустың шоғырлану деңгейі бойынша бірінші орында: қан, лимфа, ұрық сұйығы, вагинальды секрет. 

Ағзаның қалған сұйықтығындағы (сілекей, көз жасы, тер, зәр, нәжіс және т.б.) вирус жұқтыруға жеткіліксіз.  

Адамның иммун тапшылығының вирусы 1983 жылы ЖИТС этиология зерттеулерінің нәтижесінде ашылды. 1981 жылы жарияланған  ЖИТС туралы алғашқы ресми хабарламалар гомосексуал еркектердегі пневмоцисттік пневмония және Капоши саркомасы дамудың ерекше оқиғалары туралы екі мақаласы болған. 1982 жылы шідеде алғаш рет жаңа ауруды белгілеу үшін СПИД термині ұсынылды. Осы жылдың қыркүйегінде оппортунистикалық инфекциялар қатары негізінде диагностикадан 

өткен гомосексуал еркектерге, есірткі тұтынушыларға, А гемофилиямен ауыратындарға ЖИТС алғаш рет толық қанды ауру ретінде анықталды. 1981-1984 аралығында анальды жыныстық қатынас немесе есірткінің ықпалымен ЖИТС-тың дамуының  қауіптілігіне байланысты бірнеше жұмыс жарық көрді.  Сонымен қатар, ЖИТС-тың ықтимал  инфекциялық табиғаты туралы гипетозамен жұмыстар жүргізілді. 1983 жылы АИТВ-ны екі зертханада: Люка Монтаньенің  жетекшілігімен  Франциядағы Пастер институтында және АҚШ-тағы Ұлттық рак институтында  Роберта Галлоның жетекшілігімен   дербес ашты. 1938 жылғы 20 мамырдағы зерттеу нәтижелері бойынша алғаш рет жаңа ретровирусты бөліп көрсетудің жолы түсті. Зерттеушілер олардың бөліп көрсеткен вирустары ЖИТС тудыруы мүмкін деген ұйғарым жасады. 1986 жылы яғни 1983 жылы француз және америка зерттеушілері ашқан вирустар генетикалық жағынан ұқсас екендігін тапты.  Вирустардың алғашқы атауы қысқартылды және ВИЧ деген жалпы атау ұсынылды. 

2008 жылы Люк Монтанье  және  Франсуаза Барре-Синусси физиология және «адамның иммун тапшылығының вирусын ашқаны үшін» медицина саласында Нобель премиясына лайық деп танылды.