17 Қараша 2021
401

Жалағаш ауданы мамандары АИТВ туралы ақпараттық жұмыстар жүргізуде

№ 31 мектеп - лицейінде «АИТВ, Әрбірін түсіну» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс шарамен мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары қамтылды.Жалағаш аудандық ПСК кабинетінің дәрігері А. Бекниязова және жастар денсаулығы орталығы дәрігері А.Бектаева АИТВ жұқпасы туралы ақпараттандырып, алдын алу, сақтану шаралары туралы мағлұмат беріп,, жұқпаның ҚР, облыстағы эпидемиологиялық аухуалына тоқталып өтті. АИТВ жұқпасы туралы оқушылар да өз ойларын білдіріп, қызықты ақпараттармен бөлісті. Соңынан сұрақтар қойылып, оқушылар өздерінің АИТВ жұқпасы қарсылықтарын білдірді.