18 Қараша 2021
512

Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу

Әлемде ЖИТС-тың алғашқы оқиғасы тіркелгеннен бері қырық жыл өтті. АИТВ- инфекциясының қаупі әлі де сейілмей тұр. Қазіргі таңда елімізде аталмыш инфекцияның алдын алу мақсатына қомақты қаржы жұмсалып жатқанымен оның алдын ала егетін вакцина немесе адам ағзасын вирустан толық тазартатын дәрілер табылған жоқ. Сондықтан, тұрғындарды, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, ЖИТС-тың алдын алу шараларын олардың арасында пәрменді жүргізу мақсатында 15-25 қараша аралығы  «АИТВ:Әрбірін түсіну» тақырыбымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні онкүндік ретінде жарияланды.  Осы онкүндік аясында тұрғындар арасында әр түрлі форматта іс-шаралар жүргізіледі. Осындай іс-шараның бір айғағы №144, 212 орта мектепте оқушылар, мұғалімдер арасында кездесу болды.