Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы, өз қызметтерінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасының кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйым Жарғысын және Ережені басшылыққа алады.
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының негізгі міндеттері:
АИТВ инфекциясы және ЖИТС профилактикасы, диагностикалау және емдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру;
Эпидемиологиялық қадағалаумен індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
АИТВ инфекциясын және ЖИТС үйлескен ауруларды зертханалық диагностикалауды ұйымдастыру және жүргізу;
АИТВ инфекциясын емдеуге және жүргізілген зерттеулерге мониторинг жасау;
Диспансерлеу және АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету, жанасудан кейінгі антиретровирустық алдын алуды өткізу;
АИТВ инфекциясы мен ЖИТС профилактикасы, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша медициналық қызметтерді даярлықтан өткізу болып табылады.
Өз қызметіндегі басымдық бағыттарға сәйкес АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы 4 бөлімнен: ұйымдастыру-әдістемелік, эпидемиологиялық қадағалау, емдік-көмек бөлімдері мен ИФА зертханасынан тұрады.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлiмiнiң меңгерушiсi бірінші кәсiптiк санаттағы дәрiгер-эпидемиолог Балықбаева Салтанат Шамиқызы.
Бөлiм қызметінің басты бағыттары - тұрғындар, әсiресе жастар арасында АИТВ-ның алдын алу шараларын кеңiнен насихаттау, донорлық қан қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, АИТВ жұқпасына iндеттiк қадағалау, мониторинг жүргiзу, мiнез-құлқы қатерлi топ өкiлдерi арасында профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, емдеу-алдын алу ұйымдарына АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету болып табылады. Сонымен бірге эпидемиологиялық қадағалау бөлiмi АИТВ-инфекциясына шолушы эпидемиологиялық қадағалау жұмысын ұйымдастырады, талдау жасайды. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша әдістемелік материалдар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінің, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында жүргізілген облыстық үйлестіру кеңесінің материалдарын әзірлейді, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды.
Облыс орталығында мінез-құлқы қатерлі топ өкілдеріне арналған (инъекциялық есірткі тұтынушылар, жыныстық қатынас қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер) 2 стационарлық, 1 көшпелі сенім пункттері жұмыс жасайды. Облыс орталығында мінез-құлқы қатерлі топ өкілдеріне арналған (инъекциялық есірткі тұтынушылар, жыныстық қатынас қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер) 2 стационарлық (АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының 1-ші қабатында және Шанхай м/а Жанқожа батыр 82/18 мекен-жайы бойынша), 1 көшпелі сенім пункттері жұмыс жасайды.
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімін Утепова Жамилия Дуйсенбаевна басқарады, сонымен қатар бұл бөлімнің қызметі төмендегідей:
-Жергілікті атқару және денсаулық сақтау органдарымен, әртүрлі ведомстовлармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, облыста АИТВ инфекциясының алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.
-Денсаулық сақтау ісіне байланысты Республикалық деңгейдегі бағдарламалар мен келісімдердің жүзеге асырылуына қатысады, мониторинг жүргізеді.
-АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер, нұсқамалық және әдістемелік материалдар жобасын әзірлеуге қатысады.
-АИТВ-инфекциясының алдын алу ОО-ң перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлейді.
- Орталықтың, бөлімнің жылдық жоспарларын, жылдық және айлық есептерін әзірлейді және оны жүзеге асырады. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша әдістемелік материалдар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінің, үйлестіру кеңесінің, АИТВ-инфекциясының алдын алу облыстық орталықтың медициналық кеңесінің материалдарын әзірлейді.
- Әртүрлі ведомстволармен, тиісті мекемелермен, ұйымдармен мақсатты Бағдарламаларды, кешенді жоспарларды келістіреді.
- Әртүрлі ведомстволармен, ұйымдармен бірге АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыруды қажет ететін топтар өкілдері арасында оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады.
- Кешенді және мақсатты Бағдарламалардың, Орталықтың, құрылымдық бөлімдердің, аудандардағы психо-әлеуметтік кеңес беру кабинеттерінің жылдық жоспарларының, медициналық кеңес және апталық мәжіліс хаттамасы шешімдерінің орындалуына бақылау және талдау жасайды.
- Интерактивтік оқыту әдістерін қолдана отырып, Орталықтың басқа бөлімдері мамандарымен бірге тұрғындар және мақсатты топтар арасында ақпараттық, санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастырып, өткізеді.
- АИТВ/ЖИТС мәселесіне байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатыстырады, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, ток-шоулар, сұрақ-жауап кештеріне қатысады және мақалалар әзірлейді.
- Аудандардағы филиалдар мен психо-әлеуметтік кеңес беру кабинеттеріне, емдеу-алдын алу ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетеді, АИТВ/ЖИТС саласы бойынша атқарылған жұмыстарына баға береді.
- АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іс-шаралар атқарады, оларға әдістемелік көмектер мен кеңестер береді, бастамаларына қолдау көрсетеді.
- Қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі топ өкілдеріне арналған ақпараттық білім материалдарын әзірлеуге, таратуға қатысады.
- АИТВ/ЖИТС және ЖЖБИ проблемалары бойынша халықаралық, қоғамдық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған семинарларға, конференцияларға қатысады.
- Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес және Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күндеріне орай көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді.
- Бекітілген кестеге сәйкес мамандардың біліктілігін көтеруге ықпал жасайды.
- Бекітілген нұсқамаларға сәйкес еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, эпидемияға және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтайды.
Емдiк-көмек бөлiмiн дәрiгер-инфекционист Осипов Еділхан Каржаубекович басқарады. Бөлiм мамандары АИТВ-жұқтырғандарға, олармен байланыста болған және қаны АИТВ-ға “күдiктi” деп табылған пациенттерге бақылау жасаумен қатар диагноз қою, иммунитет жетiспеушiлiк жағдайларына, ЖИТС индикаторлық, жыныстық қатынас арқылы таралатын ауруларға диагноз қою, емдеу, алдын алу шараларына байланысты кеңес бередi.
Емдік-көмек бөлімінің құрамына диспансер бөлімшесі, психологиялық-әлеуметтік кеңес беру, достық кабинеттері кіреді. Сонымен қатар адамдарға сенім телефоны арқылы кеңес беріледі. АИТВ-жұқтырғандарға толық көлемді диспансерлік бақылау жүргізіледі. Науқастарды бақылау үшін электронды бақылау бағдарламасы енгізілді.
- АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде нәрестеге алдын алу антиретровирусты ем тағайындау, алдын алу шараларын жүргізу;
- оппортунисті аурулардың (пневмоцияті пневмония және токсоплазмоз) алдын алу мақсатында АИТВ-мен өмір сүруші ересектер мен балаларға алдын алу емін жүргізу және оппорунисті ауруларды (пневмоцисті пневмония, герпетикалық инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) амбулаториялық жағдайда емдеу;
- АИТВ-ға тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беру
- байланыстан кейінгі антиретровирусты емді қолжетімді ету;
- Тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беруді қолжетімді ету;
- АИТВ-мен өмір сүрушілерге және ЖИТС-пен ауыратындарға әлеуметтік және құқықтық сұрақтары бойынша кеңес беру;
- медициналық ұйымдарда және медициналық қызметтегі ведомстваларға әдістемелік-практикалық көмек көрсету, кеңес беру
ИФА зертханасы
Диагностикалық зертхана Қызылорда облысы қаржы басқармасының 11.04.2024 ж. №01-17-241 бұйрығымен бекітілген Жарғы негізінде жұмыс жасайды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: " Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, тіркеу № 990-004-822-КММ.-19.04.2024 ж
Зертхананы Асанканова Саулеткул Елеусизовна басқарады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Шукуров көшесі, 52 А, индексі 120008.
Зертхана қызметі келесі құжаттармен реттелген:
- Мәлімделген қызмет түрлеріне лицензия
- Режимдік комиссияның рұқсаты
- АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының диагностикалық зертханасы туралы ереже
- Зертхана өзінің атауы мен зертхана орналасқан мекеменің мекен-жайы көрсетілген мөртаңбамен қамтамасыз етілген
ШТАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ:
Иммунноферменттік зертхананың негізгі міндеттері:
- облыста АИТВ инфекциясының жағдайларына мониторинг жүргізу мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу
- сапаны ішкі және сыртқы бақылау жүйесін ұйымдастыру және практикаға енгізу
- облыстың емдеу-алдын алу мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету
- ғылыми-зерттеу конференцияларына қатысу
Автоматты талдауышта қанның биохимиялық көрсеткіштерін колориметриялық әдіспен анықтау
- Total Protein - жалпы белок (TP)
- Alkaline phosphatase – сілтілік фосфатаза (ALP)
- Alanine aminotransferase - Аланинаминотрансфераза (ALT)
- Direct bilirubin - тікелей билирубин (D-BIL)
- Total Bilirubin - жалпы билирубин (T-BIL)
- Creatinine - Креатинин (CREA)
- Uric Acid - Зәр қышқылы(UA)
- Urea - Несепнәр (UREA)
- Triglyceride - Триглицерид (TG)
- Total Cholesterol - Жалпы холестерин (CHOL)
- Lactate dehydrogenase - Лактатдегидрогеназа (LDH)
- Glucose - Глюкоза (GLU)
- α-Amylase - α-Амилаза (α-AMY)
Автоматты гематологиялық талдауышта қанды гематологиялық зерттеуді орындау (Ағынды цитометрия, колориметрия, электр кедергісі)
- Лейкоциттер (WBC)
- Лимфоциттер % (Lym%)
- Моноциттер %( Mon%)
- Нейтрофилы% (Neu%)
- Эозинофилы% (Eos%)
- Лимфоциты (Lym)
- Эритроциты (RBC)
- Гемоглобин (HGB)
- Гематокрит (HCT)
- Эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшері (MCH)
- Тромбоциттер (PLT)
Зәрдің жалпы анализі
- Глюкоза (моль/л)
- Белок (г/л)
- Билирубин (мкмоль/л)
- Лейкоциты (кл/мкл)
- Уробилиноген (мкмоль/л)
- Креатинин (ммоль/л)
- рН
- Үлес салмағы