«Қоғамдастықтың маңызы»
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді.
Биыл 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында айлық жарияланған болатын.
Қазалы көлік техникалық колледж студенттері арасында Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес кампаниясы аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазалы аудандық ЖИТС орталығының мамандары жүргізді.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Айтмаганбетова Гульзейне Тасхожақызы ағымдағы жылдың 20-21 қараша күндері қаладағы «Абылай Хан» атындағы жоғары колледж мен «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледж студенттері арасында кездесу, семинар сабақ ұйымдастырды.
Қараша айының 18-19 жұлдызында Қазалы аудандық ЖИТС орталығының мамандарымен Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес кампаниясы аясында Сулпак дүкені және Ырыс болашақ и К базарында тұрғындармен кездесу өтті. Аталған іс-шара тұрғындардың АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жұғу жолдары, эпидемиологиялық ахуалы туралы ақпараттанды.