21 Қараша 2019
1770

«Қоғамдастықтың маңызы»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы  күрес күні ретінде аталып өтілді.   

1999 жылдан бастап 1-желтоқсан  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы болып өзгертіліп, әр жылдың соңғы тоқсанында АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар әр түрлі серіктестіктердің атсалысуымен Дүниежүзінің барлық елдерінде АИТВ/ЖИТС-ке қарсы   әр түрлі алдын алу іс-шаралары өткізілуде.

             Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2019 жылғы 10 қазандағы №653 бұйрығы негізінде «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы» аясында тұрғындардың  АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру,  АИТВ-инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау мақсатында ауданымызда   5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Қоғамдастықтың маңызы» тақырыбында  Бүкіләлемдік  ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы өтуде. Кампания аясында аудандық блім бөлімі, жастар денсаулық орталығы және облыстық ЖИТС орталығы Шиелі филиалының ұйымдастыруымен 19 қараша күні Шиелі кенті №270 мектепте мектеп аралық аудандық акция болып өтті. Акция барысында АИТВ-алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында баяндамалар жасалынып, ақпараттық материалдар таратылды. Жоғарғы сынып оқушыларының арасында трениг өткізіліп, қорытындыланды.

 

А.Садуакас Шиелі филиалының меңгерушісі