Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2019 жылдың 20 қарашасында №136 мектеп-лицейде оқушылар арасында кездесу,
акция ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының дәрігер -эпидемиологы Г.Айтмаганбетова республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға насихаттады.
Республика, облыс көлемінде «Қауымдастықтың маңызы бар» ұранымен 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен , жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі туралы ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан маманға сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Айтмаганбетова Г. дәрігер-эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/397-aitv-zhits-ty-aldyn-alu-sharalary-turaly-kezdesu#sigFreeId9ef995200f