20 Қараша 2019
3382

«АИТВ/ЖИТС-тан қалай сақтану керек?» тақырыбында кездесу

Дүниежүзілік  ЖИТС-ке  қарсы  күрес  күні  аясында 2019 жылдың 19-шы қарашасында  №211 орта мектепте  мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесу, акция ұйымдастырылды.


Кездесу барысында облыстық  ЖИТС орталығының дәрігер -эпидемиологы Г.Айтмаганбетова республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «Қауымдастықтың маңызы бар» ұранымен 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны  арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына  тоқталып, қазіргі  таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның  ішінде  осы  ауруды  жұқтыруға  бейім  топтармен , жастар  мен  жасөспірімдермен  жұмыс  жасауда  қауымдастықтардың, үкіметтік  емес  ұйымдардың  маңыздылығы  мен   ролі  туралы  ақпарат  берді.  Қатысушылар  тарапынан  маманға  көкейлерінде  жүрген  сауалдарын   қойып,  жауап  алды. Оларға  ақпараттық  білім  беру  материалдары   - слайд, бейнефильмдер  көрсетілді,  жастарға  арналған  буклеттер  мен  үнпарақтар  таратылды.

 

Айтмаганбетова  Г. дәрігер-эпидемиолог