ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Айтмаганбетова Гульзейне Тасхожақызы ағымдағы жылдың 20-21 қараша күндері қаладағы «Абылай Хан» атындағы жоғары колледж мен «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледж студенттері арасында кездесу, семинар сабақ ұйымдастырды.
АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын - алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы баяндалды. Іс-шара барысында республика, облыс көлемінде «Қоғамдастықтың маңызы бар» ұранымен жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берілді.
Соңғы 9 ай ішіндегі республикадағы, Қызылорда облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы жөнінде слайдтар және бейнефильм көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/404-zhastar-arasynda-salamatty-mir-saltyn-stan-atty-kezdesu#sigFreeId3119ec26e6
Айтмаганбетова Г., дәрігер-эпидемиолог