20 Қараша 2019
1070

АИТВ/ЖИТС туралы біле жүріңіз

Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күні  аясында 2019 жылдың  8-ші қарашасы мен 11-ші қарашасында   облыстық ЖИТС орталығы мен Қызылорда бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен  бірлесе Қызылорда теміржол вокзалы мен «Марал Нұр»  ЖШС-нің  қызметкерлері арасында семинар-сабақтар мен кездесулер  ұйымдастырылды.

Кездесу  барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары С.Балықбаева мен М.Ибраева  республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі   таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары , алдын алу шаралары мен АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасы туралы толық мағұлмат берді.

Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде  «Қауымдастықтың маңызы бар» ұранымен  2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны арасында ұйымдастырылып  жатқан Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған  кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда  АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен , жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жасауда  қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың  маңыздылығы мен ролі туралы  ақпарат берді.

 

Бөлім меңгерішісі

С.Балықбаева