20 Қараша 2019
2358

«АИТВ/ЖИТС-тен сақтану шаралары» тақырыбында кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында жастар мен жасөспірімдер назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты өмір салтын насихаттау

мақсатында  2019 жылдың 20 қарашасында Махамбет ауылындағы №143 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы ақпарат берілді. Іс-шара барысында республика, облыс көлемінде «Қоғамдастықтың маңызы бар» ұранымен жүргізліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Қойылған сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауаптар берілді. Бейнефильм көрсетілді, ақпараттық білім беру материалдары үнпарақтар, буклеттер таратылды.

 Л.Ашимова мейірбике