Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының комплаенс офицері Ж.Асанова Шиелі аудандық филиалы қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аталған тақырып аясында толық мәліметтер берді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тиісті шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы нығайту мақсатында жыл басында енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау шаралары туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндіріп, заң бұзушылық жауапкершілік туралы түсіндірме берді. Сонымен қатар әрбір қызметкер өз іс-әрекетіне жауапты екепнін еске сала кетіп, тәртіп бұзушылыққа жол бермеуге шакырды.
https://korda-aids.kz/kz/sibailas-zhem/1370-sybajlas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-sharalary#sigFreeId5a5101be12