- Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
- Мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында дербес медициналық деректері бар электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалануға жол берілмейді.
- Жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардан алынған ақпарат тек лауазымдық міндеттерін орындау шеңберінде пайдаланылады.
Ескерту:
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексі", 62-бап.
АИТВ-инфекциясына зерттеудің оң нәтижесі болған кезде адамнан электрондық бақылау жүйесіне (бұдан әрі – ЭЖ) дербес деректерді енгізуге жазбаша хабардар етілген келісім алынады. ЭЖ жүйесіне дербес деректерді енгізуден бас тартқан кезде: иммундық блот нөмірі мен күні, инициалдары, туған күні, эпидемиологиялық анамнез деректері енгізіледі.
Ескерту:
"АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 Бұйрығы 1-тарау, 24-тармақ