18 Тамыз 2023
292

Медицина қызметкерлерінің арасында АИТВ-ның алдын алу

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының аудандық емдеу алдын алу мекемелерінде, оның ішінде ауруханаларда АИТВ-ға алынған қанды сақтау, тасымалдау бойынша орталықтың дәрігерлері С.Асанканова және Г.Жолманова Қазалы аудандық ауруханасына, Қазалы теміржол ауруханасына әдістемелік көмек көрсетіп, атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізді. Сонымен қатар АИТВ-ның республика, облыстағы эпид.ахуалы , алдын алу,сақтану шаралары, осы инфекцияны кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары бойынша аурухана қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.