ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығында «АMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы «Үміт» бастауыш партия ұйымының
Жиналысы өткізілді. Жиынға қалалық мәжілістің депутаты Мусабаева Айгүл Нажмаддинқызыкеліп қатысып, партияның толық жұмысына тоқталып, түсіндірді.
Жиналыстың қарауына келесі күн тәртібі ұсынылды:
- «АMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты «ҮМІТ» бастауыш партия ұйымының 2021-2022 жылдары атқарған жұмысы туралы есебі;
- Партияның 2027 жылға дейінгі «Жол картасының» орындалу барысы;
- Партияның қалалық филиалына қарасты «ҮМІТ» бастауыш партия ұйымының төрағасын сайлау.
- «АMANAT» партиясы Қызылорда қаласының филиалының кезекті ХХХІII конференциясына делегаттар сайлау.
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша баяндама жасалынды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша: Бастауыш партия ұйымына төраға сайлау болып табылатын. Осы орайда, бастауыш партия ұйымының төрағалығына Аубакирова Гулстан Максутовнаның кандидатурасы ұсынылып, қарсылық, қалыс қалғандар болмағандықтан бірауыздан «Үміт» бастауыш партиясының төрайымы ретінде сайланды. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе – қалалық партия филиалының конференциясына делегат сайлау. «Үміт» бастауыш партия ұйымының атынан Мұсабаева Айгүл және Максутова Гүлстанды кезекті XXXIII конференцияға делегат қылып сайлау үшін дауыс беріліп толығымен қабылданды. Жиналысымыздың күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралды, талқыланды, сұрақтарға жауап берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/997-amanat-partiyasy-yzylorda-alaly-filialy-mit-bastauysh-partiya-jymyny-zhinalysy#sigFreeId6b3d31520e