2023 жылдың 27-ші шілдесінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының 2023 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық қан орталығымен «Донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында донорлар мен реципиенттер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары» тақырыбында облыс көлемінде біріккен мәжіліс ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыс көлеміндегі медицина ұйымдарындағы гемотрансфузия процедурасына және реципиенттерге жауапты мамандар қатысты. Біріккен мәжілістің ашылу сөз кезегін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.М.Шаимбетов ашты. Кездесу барысында ҚР-да, облысымызда 2023 жылдың 6 айында АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы дәрігер эпидемиолог С.Балықбаева баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар «Донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында донорлар мен реципиенттер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары», реципиенттер арасында АИТВ инфекциясының алдын алуда жүргізілетін жұмыстар барысына дәрігер эпидемиолог Г.Жолманова, сонымен қатар АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу, байланыстан кейін алдын алу шараларына тоқталды. Облыстық қан орталығы директорының орынбасары В.С.Садманова донорлық қан қауіпсіздігінің қамтамасыз ету тақырыбына презентация жасады. Мәжіліске қатысушы медицина қызметкерлері сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
А.Оразалиева баспасөз хатшысы
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/995-donorly-an-auipsizdigin-amtamasyz-etu-aitv-ny-aldyn-alu#sigFreeIdf0f63f903b