26 Шiлде 2023
255

Орталық мамандарының есебі талқыланды

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы 2023 жылдың 6 айлық жұмысының қорытындысын жасады. Орталықтың бас дәрігерінің м.а Г.Максутова жиналысты ашып, атқарылған жұмыстар мен шешілетін мәселелерге тоқталып өтті. Жиналысқа орталық дәрігерлерінен бөлек Zoom бағдарламасы арқылы Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі Жаңақорған аудандарындағы ПӘК кабинеттері мен филиалдың мамандары қатысты. Эпидемологиялық қадағалау, емдік-көмек, ИФА зертханасы бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, талқыланды. Жиналыс соңында қорытынды жасалып, алға қойған мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, шешім шығарылды.