АИТВ - инфекциясы адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайды және иммундық жүйені біртіндеп зақымдай береді. Адам ешқандай инфекциядан қорғана алмайтын болады.
ЖИТС - бұл АИТВ - инфекциясының ақырғы сатысы.
АИТВ - жұқтырғандар бірнеше жыл бойы өзін сау сезініп,кәдімгідей өмір сүре береді және өздері білместен басқа адамдарға ауру жуқтыру қөзі болуы мүмкін.
АИТВ - инфекциясы - есірткіге тәуелділердің, секс индустрия қызметшілерінің, гомосексуалистердің ғана мәселесі емес. Кез - келген адам вирус жұқтыруы мүмкін.
АИТВ төмендегі жолдармен жұғады.
-
Қан арқылы
АИТВ - мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда. Қан тамырына есірткілерді енгізген кезде, ине мен шприцтерді бірге қолданғанда. Мидициналық манипуляциялар кезінде зарарсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда. Татуировка мен пирсинг жасаған кезде зарарсыздандырылмаған құралдарды бірге пайдаланғанда. Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда. Тату, пирсинг жасаған кезде, қырынғанда, маникюр, педикюр жасау кезінде зарарсыздандырылмаған құралдар арқылы.
-
Жыныстық қатынас арқылы.
Қорғаныссыз (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас кезінде.
-
Анадан балаға жүктілік,босанғанда және емізген кезде.
АИТВ ЖҰҚПАЙДЫ.
Қол алысып амандасқанда, достық құшақтасу мен сүйісу арқылы, сантех жабдықтар арқылы, бассейнге, душқа түскен кезде. Өндірістік және тұрмыста қолданылатын заттар (компьютер, ас - үйлік ыдыс - аяқтар және басқа құрал аспаптар) арқылы, қоғамдық көлікте. Жәндіктердің шағуы, жануарлардың тістеуі арқылы.
ҚАЛАЙ ЖҰҚТЫРМАУҒА БОЛАДЫ?
Есірткі тұтынудан бас тарту, тіпті бір реттің өзі ауру жұктыру үшін жеткілікті. Мүшеқап пайдалану, тұрақты әрі сенімді серігің болғаны дұрыс болады. Ем - шараларды (ине салу, құлақ тесу, тату жасау) арнайы мекемелерде жүргізу.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/992-aitv-zhits-vich-spid-turaly#sigFreeIdfbe8d0ff32