11 Шiлде 2023
253

АИТВ (ВИЧ) инфекциясының алдын алу әрбір адамның міндеті

Денсаулық саласының озық технологиялық құрал жабдықтарын пайдалана отырып, зертханалық зерттеулер жүргізіп, күрделі операцияларды жасауда елеулі табыстарға қол жеткізгенмен, бүгінде ВИЧ/СПИД мәселесі шешімін таппаған проблемалардың бірі болып отыр.

Әлем болып күрес жүргізіп келе жатқан бұл инфекцияның таралуы ұлт үшін үлкен қауіп туғызады. Қазақ халқында «Халқың сырқат болса – қабырғаң сөгіледі» деген сөз бар. Қандай да ұлт болмасын өз елінің гүлденуі мен ұрпағының сау болғанын қалайды.

Осы арада оқырмандарымызға адамдар бірден СПИД-пен ауырмайтындығын, ВИЧ жұққаннан кейін иммун тапшылығынан адамның жүре келе иммундық жүйесі әбден әлсірегенде ағзада қауіпті инфекциялық немес рак аурулары дамып, СПИД-ке айналатынын ескерте кетуге тиіспіз. Халықтың көпшілігі  ВИЧ және СПИД атауларын синоним сөздер ретінде қабылдап, осы инфекция жайында түсініктерін шатастырып жатады. СПИД ол ВИЧ инфекциясының кезекті асқынған стадиясы ғана, яғни ВИЧ СПИД-ке айналғанға дейін көп жылдыр өтеді. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ.

Шындығында ВИЧ жұқтырған адам қанша өмір сүреді? «ВИЧ инфекциясы» диагнозы бар адам ең бірінші өзіне осы сауалды қоймақ. Бұл инфекциямен нақты қанша жыл өмір сүретінін мамандар да дөп басып айта алмайды. Кейде оның 15, 10 тіпті  5 жыл деген мерзімі айтылып та қалады. Осы арада мына мәселеге назар аударалық. СПИД эпидемиясы 30 жылдан астам уақыт бұрын басталса, содан бері осы диагнозбен өмір сүріп келе жатқан адамдар бар. Олар әлде де өмір сүре бермек. ВИЧ инфекциясымен әлі де қаншама алысатындығымыз белгісіз болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, ең алдымен осы инфекция жөнінде толық ақпараттанып алғаны абзал. Қандай да бір мәлімет алғыңыз келсе жасқанбай ЖИТС орталығына келіп, кез-келген мамандардан толық ақпарат ала аласыздар. Сонымен қатар орталығымызда 23-41-50 сенім телефонының жұмыс жасайтындығын да айта кеткіміз келеді. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімді екенін естен шығармаңыз дегіміз келеді!