Шиелі кенті «Сыр Ұланы» лагерінде оқушылармен тәлімгерлер арасында Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес қарсаңында «АИТВ және нашақорлықтың алдын лау» тақырыбында іс-шара өткізілді. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында, оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, сонымен қатар республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/979-aitv-ny-aldyn-alu-sharalary-6#sigFreeId2e13aab5ff