ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білімінің бірріккен жоспарына сәйкес Шиелі кенті № 219 Ы.Алтынсарин атындағы мектепте жоғарғы сынып оушылары мен мұғалімдері арасында ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай ЖДО-ның мамандарымен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Аудандық ЖДО-ның маманы Ұ.Дүрімбетова салауатты өмір салтын ұстану денсаулықтың басты кепілі екеніне түсіндірме жұмыстары жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратылды. Іс-шара соңында оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/965-zhits-auruynan-ajtys-bol-andardy-eskek-alu-k-nine-oraj-mektep-o-ushylaryny-arasynda-is-shara-tkizildi-2#sigFreeId89f0663535