Халықаралық ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қайтыс болғандарды еске алу күні аясында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі және Қызылорда көпсалалы «Ұлағат- Қызылорда» колледждерінде ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Г.Жолманова, эпидемиолог көмекшісі Қ.Бекова студенттер мен мұғалімдер арасында АИТВ /ЖИТС-тің ҚР, облыстағы індеттік ахуалы, «ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні» бойынша мәліметтер тақырыбында кездесу болды. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/961-aitv-zhits-ti-aldyn-alu-3#sigFreeId4a90103cdf