Мамыр айының 17-де ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігерлері Ж.Кистаубаева, Г.Жұмабекова көпбейінді облыстық ауруханада АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинар барысында тұрғындарды АИТВ инфекциясына тестілеуден өткізуге сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар, медицина қызметкерлерініңі кәсіптік жұқтыруының алдын алу шаралары, атқарылатын іс-шаралар, қан алу сақтау тасымалдау ережелері бойынша ақпараттар берілді. Жаңадан қолданысқа енген нормативтік құжаттармен таныстырып, медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ЖИТС орталығының ұйымдастыру
әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/954-meditsina-yzmetkerleri-a-parattandyryldy#sigFreeId59300aecdd