19 Мамыр 2023
266

«Салауатты өмір салтын ұстан!» атты семинар сабақ

Жыл сайын бүкіл әлемде мамыр айының әрбір 3 жексенбісі ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Оны алғаш рет 1983 жылы Сан-Францискода (АҚШ) ЖИТС проблемасы бұл  қайғылы жағдай жеке өздеріне әсер еткен  немесе жақындарына әсер еткендіктен бір топ американдықтар ұйымдастырған.

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Сарсенбаева С.А, эпидемиолог көмекшісі Бекова  Қ, Ж.Нұртазаеваның  қатысумен ағымдағы жылдың 17 және 18-ші мамыр күндері С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледж мен көпсалалы Ұлағат Қызылорда колледж студенттері мен мұғалімдері арасында «Салауатты өмір салтын ұстан!» атты семинар сабақұйымдастырылды.

Биылғы жылы 21 мамырға келетін Дүниежүзілік еске алу күнінің мақсаты қоғамның назарын осы аурудың  таралу проблемаларына аудару болады. Бұл күні өмірден кеткендерді адамдар еске алады, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға түсіністікпен қарайды. Еске алу күні халықтың ақпараттануы және хабардар болу деңгейін арттыру, АИТВ –жұқпасы бұл жағдайдың  әрқайсысының басынан өтуі мүмкін екендігіне ойлануға шақырады.

 Кездесу барысында республикадағы, облыстағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы слайд көрсетілді.Колледж студенттерімен мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.Кездесу соңындажасөспірімдер мен жастарға арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі буклеттер мен үнпарақтар таратылды.

Эпидемиологиялық бөлімнің дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева