Халықаралық ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Е.Әуелбеков атындағы мамандандырылған лицей-интернатында оқушылар, мұғалімдер арасында кездесу болды. Кездесу барысында зиянды әдеттерден аулақ болу, дискриминация және стигманы (кемсіту) болдырмау, салауатты өмір салтын ұстану, АИТВ- инфекциясын жұғу жолдары, сақтану шаралары түсіндірілді және оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Іс-шара барысында түрлі бейнебаяндар көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/948-aitv-infektsiyasynan-sa-tan#sigFreeId73624329dd