Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде әлем бойынша Халықаралық ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтіледі. Ең алғаш рет 1983 жылы Сан-Францискода (АҚШ) аталып өтілген болатын. Бұл күн- ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдармен бірге екендігін білдіру, АИТВ инфекциясы біздің әрқайсымызға жұғуы мүмкін екендігінен қоғамды хабардар ету мақсатында өткізіледі. Осы еске алу күні аясында облысымыздағы оқу орындарында зиянды әдеттерден аулақ болу, дискриминация және стигманы (кемсіту) болдырмау, салауатты өмір салтын ұстану, АИТВ- инфекциясын алдын алуға байланысты түрлі үлгіде жастар мен жасөспірімдер арасында іс-шаралар өткізіледі. Осындай іс-шараның бір айғағы Қызылорда медициналық жоғарғы колледж, №189 орта мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу болды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/944-aitv-infektsiyasy-zhajly-t-sindirme#sigFreeId19ab225c5e