16 Мамыр 2023
305

 «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында семинар сабақ

Ағымдағы жылдың 11-ші мамыр күні «AlEKSEY SULTAN AKMET» ЖШС медицина қызметкерлері арасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева, емдік көмек көрсету бөлімінің дәрігері А.Исмаилованың  қатысумен «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырылды.

 Кездесу барысында республикадағы, облыстағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат берілді. Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор екеніне тоқталып,  қанды алу, тасымалдау барысында, яғни биоматериалды алу қағидаларын қатаң сақтауды, апат жағдайы болғанда, АИТВ инфекциясының кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

Эпидемиологиялық бөлімнің дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева