04 Мамыр 2023
190

АИТВ-дан сақ бол!

Қызылорда қаласындағы №15 мектеп гимназия, №253, №176 орта мектепте оқушылардың ұйымдастыруымен облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану, АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады.

Сонымен қатар, облыстық наркология орталығының маманы №4 емхананың СӨСҚО-ның маманы сөз сөйлеп оқушыларға есірткінің, темекінің зияны туралы айтып өтті. Оқушылардың күшімен дайындалған «Есірткісіз жастық шақ» атты көріністе кездесуге қатысушыларды бей-жай қалдырмады. Сонымен бірге, оқушылар өлең оқып, флешмоб ұйымдастырды. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.