25 Сәуiр 2023
287

Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасында семинар тренинг

Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасында семинар тренинг

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева, емдік көмек көрсету бөлімінің дәрігері А.Исмаилованың  қатысумен ағымдағы жылдың 19 - шы сәуір күні Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасында медицина қызметкерлері арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық - насихаттық жұмыстардың маңызы зор екеніне тоқталып, республикадағы, облыстағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат берілді. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

Эпидемиологиялық бөлімнің дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева4