Шиелі аудандық спорт мектебінде жастар мен жасөспірімдер арасында, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалына тоқталып, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. АИТВ/ЖИТС туралы сұрақ-жауап алмасып, парақшалар таратылып, спорттық іс-шараларға жалғасып қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/939-aitv-zh-ne-sport#sigFreeIdea055f7680