13 Сәуiр 2023
263

Қызылорда облыстық «№3 қалалық емханаға қарасты №37 мемлекеттік мекемесінің ішінде орналасқан дәрігерлік бекетінде жеке құрамы арасында семинар-тренинг.

Қызылорда облыстық «№3 қалалық емханаға қарасты №37 мемлекеттік мекемесінде жеке құрамы арасында семинар-тренинг өткізілді. Бағдарламаға сәйкес АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары,  АИТВ/ЖИТС-тың қоғамға, отбасына тигізетін әсері туралы баяндама жасалды.  Семинар сұрақ-жауап түрінде қызықты пікір таласпен қатысушылар  тарапынан  қойылған сұрақтар талқыланып, толық жауап берілді. Ақпараттық танылымдылық материалдар таратылды.

АИТВ-ға өздігінен тестілеуге арналған жинақтың (слюновой тест) қалай пайдалану керек екендігі жөнінде көрсетіп, түсіндірілді.

Садвакасова А.Я. – дәрігер-эпидемиолог