Қызылорда қаласындағы №235, 261 орта мектепте «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары тақырыбында облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады. Шара соңында оқушылардан сауалнама алынды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/933-aitv-zh-ninde-t-sindirme-zh-mystary#sigFreeId6d93e6bc39