16 Наурыз 2023
348

Мектеп оқушылары АИТВ/ЖИТС жайында ақпараттандырылды.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білімінің бірріккен жоспарына сәйкес Шиелі кенті №46 А.С.Пушкин  атындағы мектеп-лицейде жоғарғы сынып оушылары мен мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Мектеп аяжаны Ұ.Дүрімбетова  салауатты өмір салтын ұстану денсаулықтың басты кепілі екеніне түсіндірме жұмыстары жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратылды. Іс-шара соңында оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, қорытындыланды.