Қызылорда қаласындағы №282 орта мектепте, Қызылорда облыстық балаларды оңалту орталығында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары бойынша ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу болды. Іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру және дискриминация, стигма жағдайын болдырмау болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/931-aitv-zhits-turaly-5#sigFreeId5d1332c35a