ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева, эпидемиолог көмекшісі Қ.Бекованың қатысумен ЖШС «Әли-Нұр Мед» клиникасындағы жалпы тәжірибелі дәрігерлер, мейірбикелердің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
АИТВ инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі ақпараттық білім беру. Қазіргі таңда АИТВ инфекциясынан сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор. Семинар барысында республикадағы, облыстағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.
Эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/930-aitv-zhits-aldyn-alu-sharalary-ta-yrybynda-seminar#sigFreeId2f0bc7fe7b