24 Ақпан 2023
306

Салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс өмір сүр!

ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білімінің бірріккен жоспарына сәйкес, аудандық жастар денсаулық орталығының мамандарының қатысуымен Шиелі кенті №47 В.Ломоносов атындағы мектеп - лицейде жоғарғы сынып оушылары мен мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ / ЖИТС - тің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Іс - шара барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ / ЖИТС - тің індеттік ахуалы, алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Мектеп аяжаны К.Әйтілеуова, жастар денсаулық орталығының социолог маманы С.Калекеева дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану денсаулықтың басты кепілі екеніне түсіндірме жұмыстары жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратылды. Іс - шара барысында оқушыларға тақырыптық бейне ролик көрсетілді.