20 Ақпан 2023
287

Сақтансаң сақ боласың!

№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің ұйымдастыруымен ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы және мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен «Қауіпті дерттен сақ болайық» тақырыбында мектепішілік іс - шара өткізілді. Іс - шараның ашылу сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Мұстафаев бастап таныстырды. ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ / ЖИТС - тің республикадағы, облыстағы, аудандығы індеттік ахуалы және жұғу жолдары алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Іс - шара соңында мектеп аяжаны А.Марипова АИТВ - ның және қауіпті дерттен сақ болудың алдын алуда мектепте атқарылып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып, мұғалімдер мен оқушыларға видеоролик көрсетіліп, сұрақ - жауап алмасуымен қорытындыланды.