17 Ақпан 2023
350

Өз өмірің өз қолыңда!

Қызылорда қаласындағы №1 мектеп гимназиясында, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттерінің ұйымдастыруымен «АИТВ / ЖИТС - тің алдын алу шаралары бойынша ЖИТС - ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс - шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ / ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ - ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы, сонымен қатар әр адамның денсаулығының жақсы болуы көп жағдайда өзіне байланысты болатындығын, кез - келген тұлға өмірінің егесі, ешкім де ол үшін өмір сүрмейтіндігін, сондықтан әркімнің өмірі өзінің таңдауы екені туралы айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.