16 Ақпан 2023
366

Акушер - гинекологтар арасында АИТВ - ның алдын алу шаралары

ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы ұйымдастырған үш күндік семинардың қорытындысы күнінде «АИТВ - ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында аудандық, қалалық емдеу - алдын алу мекемелерінің акушер - гинекологтары ақпараттандырылды.

Семинар барысында орталықтың дәрігерлері қатысушыларға АИТВ / ЖИТС туралы жалпы түсінік беріп, алдын алу сақтану шаралары бойынша кеңінен ақпарат бере отырып, жұмыс барысында жіберілген кемшіліктерге тоқталып, дұрыс бағыт берді. Семинар соңында ИФА зертханасының маманы экспресс тест арқылы сараптама жасау әдісімен бөлісті.