ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мәжіліс залында үш күндік семинар өз жалғасын табуда. «АИТВ инфекциясының бар жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп - қарау қағидаларын бекіту» туралы ҚР ДС министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ - 211 / 2020 бұйрығына сәйкес АИТВ инфекциясының тұрғындар арасында және анадан балаға берілуінің алдын алу, медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылдың 14 - 16 ақпан күндері аралығында ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мәжіліс залында «АИТВ - ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушілері, акушер - гинеколог, эпидемиолог дәрігерлер арасында семинар ұйымдастырылуда.
Семинар барысында орталықтың дәрігерлері қатысушыларға АИТВ / ЖИТС туралы жалпы түсінік беріп, алдын алу сақтану шаралары бойынша кеңінен ақпарат бере отырып, жұмыс барысында жіберілген кемшіліктерге тоқталып, дұрыс бағыт берді.