«АИТВ инфекциясының бар жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп - қарау қағидаларын бекіту» туралы ҚР ДС министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ - 211 / 2020 бұйрығына сәйкес АИТВ инфекциясының тұрғындар арасында және анадан балаға берілуінің алдын алу, медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылдың 14 - 16 ақпан күндері аралығында ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мәжіліс залында «АИТВ - ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушілері, акушер - гинеколог, эпидемиолог дәрігерлер арасында семинар ұйымдастырылуда.
Ұйымдастырылған іс - шараны орталықтың бас дәрігері Т.Амитов ашып, алдағы уақытта қойған талаптар мен мақсаттарға тоқтала кетті. Семинардың алғашқы күні жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушілерінен басталды. Кездесу барысында эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева «АИТВ / ЖИТС - тің республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары. АИТВ - мен күрес стратегиясы», емдік - көмек бөлімінің меңгерушісі Ш.Өтегенова «АИТВ - ның классификациясы, клиникасы, диспансеризация, емдеу ерекшеліктері, АРТ. АРТ емге қолдау көрсету. Тұрғындарға тестке дейінгі және тесттен кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру ерекшеліктері», ұйымдастыру - әдістемелік бөлімінің дәрігер әдіскері Ж.Қыстаубаева «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің АИТВ инфекциясына байланысты баптары» тақырыптарына тоқталып, кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар дәрігер эпидемиолог А.Садвакасова «АИТВ - ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу. Байланыстан кейінгі алдын алу», зертхана дәрігері М.Ибраева «АИТВ жұқпасын зертхана арқылы анықтаудағы преаналитикалық кезеңінің маңызы, ерекшеліктері» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында АИТВ - ға экспресс тест жасалынып, сұрақтарға толық жауап берілді.
Баспасөз хатшысы А.Оразалиева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/915-aitv-ny-zekti-m-seleleri-zh-ne-ony-aldyna-alu-sharalary#sigFreeId551520b9ea