ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білімінің біріккен жоспарына сәйкес Шиелі кенті №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектепте жоғарғы сынып оушылары мен мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ / ЖИТС - тің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Іс - шара барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ / ЖИТС - тің індеттік ахуалы, алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Мектеп аяжаны А.Нұртаева салауатты өмір салтын ұстану денсаулықтың басты кепілі екеніне түсіндіре отырып, ақпараттық парақшалар таратты.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/914-zhastar-men-zhas-spirimder-arasynda-aitv-ny-aldyn-alu-6#sigFreeId12cd524a80